2024-2025 оқу жылында «Білім күні» 1 қыркүйекте, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен, ұзақтығы 45 минут 1, 11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара форматында өткізілді.
Салтанатты шараның мақсаты, жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Салтанатты іс-шарада патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстармен және ата-аналарды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы ақпараттар, әр аптаның жұма күні және мерекелік іс-шараларға Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптейтін ұлттық нақыштағы (атрибут) мектеп формасын киюі туралы ұсыныстармен таныстырылды.
Салтанатты шараға ардагер ұстаздар, кент әкімі, қамқоршылық кеңес мүшелері, білім алушылардың ата-аналары қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру және әнұранды орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізілді.